Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде 3000 адамға ауызашар берілді (ФОТО)

0 1  602

12-маусым. Астана. Sunna.kz – Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде Қадір түніне орай, айырықша дастарқан жайылды.

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бастамасымен, Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде қасиетті Қадір түнінің құрметіне орайластырылған іс-шаралардың ең алғашқысы ретінде 1000-ға жуық адамға ауызашар берілді.

Бүгінгі ауызашар бұрынғы ауызашарлардан өзгерек болды. Рамазан айы басталғалы күнделікті қалыптасқан үрдіс бойынша  мешіт ауласында арнайы орындарда ауызашар дастарқан жайылды.

Қасиетті түнді Алла үйінде өткізуге ниеттенген елордалық мұсылмандар үшін ұлттық мәзірдегі ыстық тамақтар, су, құрма, салаттар т.б ас мәзірі дайындалып, мешіт іші-сыртына 20-ға тарта орынға арнаулы тазартылған су қойылды. Бүгінгі ауа райының қолайлығынан қасиетті кеште мешітке ағылған елордалықтардың қарасы жылдағыдан ерекше болды.

Ал, таң сәріде 2000 адамға сәресі дастарқаны жайылып, арнайы ас мәзірі таратылды.

 «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

 

 

 

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.