15-маусым. Астана. /SUNNA.KZ/ – Жамағаттың ауызбірлігін нығайту мақсатында, «С.Ғылмани» мешітінің шәкірттері мен мешіт ұжымының ұйымдастыруымен 150-ге жуық адам серуенге шығып қайтты.
Бір үйдің баласындай бірлік танытып, бірлесе жүріп тамақ та дайындап, жарысқа да қатысып үлгерген шәкірттер үшін табиғат аясында сап түзеп, жамағатпен оқылған намаздың ерекше әсерлі болғаны сөзсіз. Намаздан соң жамағатқа «С.Ғылмани» мешітінің Бас имамы Жұманазар Садырхановтың уағызы да ұжымдық демалыстың тағылымын арттыра түсті.
«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі