Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Жапония жылжымалы мешіт жасап шығарды

0 1  731

2020 жылы Жапонияда өтетін Олимпиадаға дайындық аясында ұсынылған жоба әлі де жетілдірілу үстінде. Идеяның жүзеге асырылуына 900 000 АҚШ доллары жұмсалған. Дегенмен ұйымдастырушылар алдағы уақытта шығынның азаятынына сенімді. Жылжымалы мешіттің сыйымдылығы 50 кісі болмақ. Құбыланың бағытын дұрыс анықтау үшін мобильді мешіттің ішінде арнайы компас орнатылады.

Компания директоры Асухару Иноуенің айтуынша, Жапония үшін мешіт санының аздығы 2020 жылы үлкен мәселеге айналуы мүмкін. Себебі олимпиада ойындарына әлем елдеріне, оның ішінде мұсылман мемлекеттерінен мыңдаған адам келеді.

Ал мобилді мешіт жобасы осы жағдайдан оңтайлы шыудың бірден бір жолы. Стадион маңында спортшылар мен мұсылман көрермендердің құлшылықтарын уақтылы жасауларына мүмкіндік береді.

«Біз қонақжай ел ретінде өзіміздің тың идеяларымызбен бөлісіп, жапондардың мұсылмандарға қонақжайлылық танытаныны көрсеткіміз келеді» дейді компания директоры.

«Жылжымалы мешіттер» ұйымдастырушылардың айтуынша Олимпиада қалашығында орналастырылады. Бұл мұсылман елдерден келген қонақтардың өз елінде жүргендей еркін сезінуіне мүмкіндік береді дейді Олимпиадаға жауапты комитет.

Бірінші мобилді мешіт қазірдің өзінде Тайота стадионы маңына келіп тұрады. 25 тонналық көлік ішінде  ұзындығы 48 метр бөлме сыйып кетеді, онда 50 адам намаз оқуына болады.

media 9786e6cb941649259cfa6e20f7f11be1 DMID1 5fkkzpgt7 640x396

media a0dd568217fd4e009afc949f08ef8357 DMID1 5fkkzszv0 640x406

media 17c5b8abacbe4ba49c47606d3b1473de DMID1 5fkkzutz4 640x443

media 51cbd5bc7bdb400ca00ed7c5846c59a5 DMID1 5fkkzwa8q 640x418

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.