Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Наиб мүфти жұма уағызын айтты (ФОТО)

0 2  322

24-тамыз. Астана. SUNNA.KZ – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, ғалым Алау Әділбаев «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде «Білім алу – әрбір мұсылманға парыз» тақырыбында жұма уағызын айтты.

«Мұсылман ғибадат-құлшылығының өзін біліммен жасайды. Білімсіз құлышылық болмайды. Хакім Абай қара сөзінде  «ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған хаж, ешбір ғибадат орнына бармайды» дейді. Немесе әлемге әйгілі физик-ойшыл Альберт Эйнштейн атады: «ғылым дінсіз ақсақ, дін ғылымсыз соқыр» деп. Қазір кейбір адамдар айтады: «біз тек діни ілім аламыз болды, дүниеуи білім қажет емес» дейді. Бұл дұрыс сөз емес. Біз қазір кейбір заманауи құбылыстарға діни тұрғыда пәтуа шығара алмай қалатын кезіміз болады. Мәселен, адамның дене мүшелерін ауыстыру. Егер осыны медицнаны оқымасақ, осындай күрделі ілімдерді зерттемесек қалай пәтуа шығарамыз? Міне, сондықтан білім-ғылымның орыны ислам діні үшін де биік. Қасиетті Құранда ғылым-білім сөздері мыңнан астам қолданылған. Оның да өз хикметі бар… Ислам діні алты-жеті ғасыр бой әлемде ғылымнан озық болды. Көптеген ғұламалар мұсылмандардан шықты. Неге? Себебі тек қана дінді құлшылық деп емес, Алланың жаратқан ғажайып әлемінің хикметін зерттеу арқылы ғылым-білім дамыды. Қазір кейбір мұсылмандардан «адам не үшін жаралды деп сұрасыңыз», «адам құлшылық үшін жаралды» деп жауап береді. Дұрыс. Бірақ «тек қана құлшылық үшін» деген сөз жоқ қой… Демек, ғылым-білімнің маңызы зор», – деді ҚМДБ наиб мүфтиі Алау Әділбаев.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.