Кездесу барысында екі елдің рухани, мәдени, білім саласындағы қарым-қатынасы сөз болды. Сонымен қатар Мысырда оқып жүрген Қазақстан азаматтары жайлы, олардың тыныс-тіршілігі, білімі туралы әңгімеленді. Арман Қайратұлы елшілік тарапынан Қазақстан азаматтарына қолдау көрсетіліп жатқанын жеткізді.
Өз кезегінде Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Кирдегі әйгілі әл-Азһар университеті, мүфтияты мен ҚМДБ арасында қабылданған меморандум аясында жүзеге асып жатқан бірлескен жобалар мен бастамаларды атап өтті.
Кездесу соңында тараптар жоғары білікті діни маман дайындау бағытындағы іс-шараларды бірлесе атқаруға уағдаласты.
ҚМДБ баспасөз қызметі