Атырау облысы Дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша 2018 жылғы «Атырау облысына білікті теологтар мен дінтанушылыларды тарта отырып, ақпараттық-түсіндіру, консультациялық, ағартушылық және оңалту жұмыстарын жүргізу» жобасын іске асыру мақсатында, «Шапағат» деструктивтік діни ағамдардан жапа шеккендерге көмек» орталғының ұйымдастыруымен, Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің наиб имамы, теолог-дінтанушы Бағзат Ақжол Атырау жамағатымен кездесті.
Арнайы бекітілген кесте бойынша, білікті маман бес күн бойы Атырау қаласындағы барлық мешіттерде уағыз-насихаттар айтты. Айтап айтсақ, «Иманғали» орталық мешіті (жұма уағызы), «Әт-Тақуа» мешіті, «Қажымұқан» мешіті, «Сұлтан-Бейбарыс» мешіті, «Құспан мола» мешіті, Атырау селолық мешіті және «Дина» сауда орталығының жамағатымен кездесіп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, «Қазақстан-Атырау» телеарнасының «Иман Нұры» бағдарламасына қатысып, Ислам тақырыбында кең көлемде интервью жасады. Сондай-ақ, Атырау қаласындағы жоғарғы оқу орындары, мектеп және түзету мекемелерінде болып, тағылымды уағыздар айтты.
Атырау жамағатының жылы дидарымен қимай қоштасқан имам, алтыншы күн Астанаға оралды.
«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі