Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«АНАЛАР МЕКТЕБІНДЕ» АЙТУЛЫ ЖИЫН БОЛЫП ӨТТІ (фото)

0 2  285

18-қыркүйек. Астана. SUNNA.KZ – «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде қасиетті Ашура күні қарсаңында әйелдер жамағаты бас қосты.

ҚМДБ Астана қаласы Өкілдігінің тапсырмасы аясында, ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторы, Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің жанынан құрылған «Аналар мектебі» және әйелдер жамағатының ұстазы Әлия Аусағатова һәм Айгүл Көксегенқызының ұйымдастыруымен, «Ашура күнгі жасалатын амалдар» атты білікті мамандардың қатысуымен әйел жамағаты арасында келелі жиын болып өтті.

Аталмыш шараға, Астана қаласы Дін проблемаларын зерттеу орталығы басшысының орынбасары Марат Бектазинов, Дін проблемаларын зерттеу орталығының оңалту бөлімнің басшысы Лимана Қойшыбаева, ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының меңгерушісі, белгілі исламтанушы Ақбөпе Тілегенова, «С.Ғылмани» мешітінің наиб имамы, исламтанушы Бағзат Ағжол және «С.Ғылмани» мешітінің ұстазы Айгүл Көксегенқызы қатарлы дін мамандары қатысып, Исламдағы отбасы тәрбиесі, қыздар тәрбиесі һәм қасиетті Ашура күні жайында салиқалы сөз қозғалды. Айтулы жиынға қатысқан анаралар қауымына, «Аналар мектебінің» демеушілігімен дастарқан жайылды. Сондай-ақ, жиналған жамағат Ашура күні және Исламдағы отбасы төңірегінде тағылымды мағұлымат алып қайтты.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

 

 

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.