Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ХАБАРЛАНДЫРУ! ЖҰМА НАМАЗЫ БЕСІН НАМАЗЫНЫҢ УАҚЫТЫМЕН ОҚЫЛАТЫН БОЛАДЫ

0 1  911

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазіреттің бастамасы және көпшілік жамағаттың (мемлекеттік қызметкерлер, ұлттық компаниялар мен банктердің жұмысшылары, студенттер т.с.с.) сұраныстары негізінде 2018 жылғы 5 қазан – жұма күнінінен бастап Алматы қаласының мешіттерінде Жұма намазының азаны бесіннің уақыты кіруімен, яғни 12.44-те айтылады. Жұма намазының парызы жамағатпен сағат 13.25-30-дарда оқылады. Осылайша, жұма намазына келген жамағат әдеттегі жұма намазының біту уақытынан 20-25 минут бұрын жұма намазынан босайтын болады.

Бұл өзгерістің мақсаты – мешітке келуші жамағатқа қолайлы қызметтің сапасын жақсартып, уағыз-насихат пен рухани қызметтің тиімділігін арттыру болып табылады.

Алматы Орталық мештінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.