Жапонияның ғылымы дамыған мемлекет деген гипотезаны аузымыздың суы құрып көп айтамыз. Бірақ бұл ешқандай гипотеза (жорамал) емес – ақиқат екеніне күн сайын көз жеткізетін факторларға тап боламыз. Күншығыс елінің материалдық ғылымы, рухани һәм іргелі ғылымдары да қарыштап дамып, әлем өркениет көшін бастап келеді. Жапония тек қана материалдық ғылымын дамытып материалистеніп кетті деп ойласақ, қатта қателесеміз. Олар ғылым-техникасымен қатар, рухани-мәдени игіліктергеде аса жоғары мән беретін халық. Кез келген жапон өздерінің дзенбуддизміне кір шалдырмай ұстанады. Және ұлы адамгершілік қағидаттарын мұхият сақтауға талпынады. Әсіресе жаңашылдық немесе нигилизм, фундаментализм, діни-экстремизм секілді проблемалардан мүлде ада деуге болатын мемлекет. Оның бәрі өздерінің атадіндерімен, ұлттық санаға беріктігінің жарқын көріністері болса керек.
Біз жоғарыдағы аз-кем кіріспеде алдағы айтылмақшы жаңалықтың тұздығы ретінде кірістіріп отырмыз. Бүгін Жанонияның Саппоро қаласындағы Хоккайдо ұлттық университетінің доценті, шығыстанушы, татартанушы, ортаазияның культтік сенімдерін зерттеуші ғалым Норихиро Наганава сонау көк теңіздің ар жағынан Астанадағы С.Ғылмани мұражайына арнайы атбасын бұрған. Ғалымды сонау алыстан құмбыл қылған қандай құдірет. ғалымды – 1950 жылдан, 1970 жыл аралығында Қазақстан қазиятынның қазиы Сәдуақас қажы Ғылмани ақсақалдың ислам жолындағы жүріп өткен бұралаң тағдыры қызықтырған. Міне, арнайылып атбасын бұрған ғалымның мұражайға келіп құрметті қонақ болып қайтуының мәні осы. Ғылым үшін, өзінің зерттеу тақырыбын еркін игеру үшін алысқа атшалдыруға ерінбеген ғалым мұражайды аралау барысында өткен ғасырдағы Қазақия топырағындағы Ислам дінінің қанат жаюы жайында көптеген мағұлұматтар алғанына дән риза.
Бұрында бірнеше рет ғылыми еңбектерін жазу барысында бұл киелі мұражайға келіп жүретін, Қостанай мемлеккеттік университетінің доценті, тарихшы-ғалым Шаблей Павелда осында болды. Және аталмыш С.Ғылмани мұражайының қызметкері, тарихшы-музейтанушы, дінтанушы Солтанбай Бақытхан аталмыш ғалымдарға өткен ғасырдағы дін қайраткерлерінің тарихи деректерімен таныстырды. Сондай-ақ ғалымдар өзара әңгімелесіп, жан-жақты пікір алмасты. Сөз соңында ғалым Норихиро Наганава ғалымдары Жапониядағы Хоккайдо ұлттық университетіне тәжірибе алмасуға шақыратындығын айтты.
Бақытбек Баһадүр