Дін насихаты жолында қалам тербеп, халықты рухани сусындатуға сүбелі еңбек сіңіріп жүрген семинар қатысушыларының отырысына белгілі қаламгер, «Жас өркен» ЖШС-нің бас директоры Жүсіпбек Қорғасбеков, Qamshy.kz порталының тілшісі Жазира Байдалы мен Zakon.kz порталының арнайы репортаждар бөлімінің редакторы Торғын Нұрсейітовалар қатысып, өз пікірлерімен бөлісті. Ағалық ақылын айтып, баспасөз саласының сырларына қанықтырған Жүсіпбек аға баяндамасы баршасына айрықша әсер етіп, бірқатар тың тәсілдерге үйретті.
Бұдан соң еліміздегі беделді екі портал өкілдерімен кездескен діни сайт редакторлары өзара ұсыныстарын айтып, әріптестік қатынасты арттыра түсу жолында тәжірибелер алмасты. Сын-пікірлер мен ортақ ұйғарымдар, өзара сұрақ-жауаптармен жалғасқан кездесудің барлығы үшін пайдалы болғаны анық.
ҚМДБ баспасөз қызметі