Ирландия астанасы Дублиндегі көрмеде Осман империясы тұсында басылған ең алғашқы баспа кітабының бірі «Китаб-и Джиханнума» («Әлем айнасы») таныстырылады, деп жазады Daily Sabah.
Көне кітап Түркияның мәдениет қорының қолдауымен қайта қалпына келтіріліп, Ирландия астанасындағы Честер Битти кітапханасына қойылды.
Айта кетсек, Ирландияда Еуропаның ең үздік кітапханаларының бірі бар. мұнда ғалымдар Осман дәуіріндегі кітаптар мен мұралар бар. Бұл мұраларды зерттеу арқылы сол замандағы ғылым мен мәдениет туралы тың деректер ашыла түседі.
Честер Битти кітапханасында 600-ге жуық азиялық, ислам және батыс жәдігерлері бар. Мұнда негізінен қолжазба еңбектері сақталған.
«Китаб-и-Джиханнума» кітабының авторы Осман империясының белгілі тарихшысы әрі географ ғалымы Кятиб Челеби. Ол өз кітабын 1648 жылы бастаған, 1654 жылы өзгерістер енгізген. 1732 жылы Осман империясы тұңғыш типографиясының негізін қалаған Ибрахим Мютеферрик аздаған данамен басып шығарған.
kazislam.kz