Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Кембриджде ерекше мешіт ашылады

0 1  240

Кембриджде дизайны ерекше мешіттің соңғы жұмыстары жүргізілуде. Құрылысшылар мен дизайнерлер 23 млн фунт стерлингке бағаланған жаңа мешіттің сәулеті келіскен заманауи діни нысан болатынына сенімді. Бұл туралы Cambridge Independent ақпарат көзіне сілтеме жасап Ansar.ru хабарлады.

Құрысшылар Кембридж мешіті ғимаратының кілтін ресми түрде қаңтар айының соңында береді. Ал салтанатты ашылуы кейінірек, ғибадатхананың терезе әйнектері мен мәрмәр едендері төселгеннен соң өтеді. Мешіт қамқоршылар кеңесінің төрағасы Тим Уинтердің айтуынша, жаңа діни нысан «Ұлыбританияның ең ерекше мешіті» болады.

Кембридж мешіті құрылысына қажетті қаражат әртүрлі ұйымдар мен адамдардан түскен. Мәселен, түрік компаниясы 4 млн фунт аударса, 300 мың фунтты студент тапсырып кеткен, тағы 100 мың фунт қаражатты түрік суретшісі садақа ретінде берген.

Мешіт 1 000 адамға есептелген, ал жерасты тұрағында 82 көлікке және 300 велосипедке орын бар.

kazislam.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.