Бүгін ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің жалпы жиналысы өтіп, жылдық жоспар бекітілді. Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде өткен алқалы жиынға Астана қаласындағы 10 мешіттің діни қызметкерлері қатысып, 2019 жылға арналған жұмыс жоспарымен танысты. Жастар жылы аясындағы іргелі істер мен атқарылатын жұмыстар талқыланып, дайындық пысықталған басқосуға «Астана» медресе колледжінің директоры Ибрагим Сматаев та қатысып, ортақ жоспарға ой қосты.
Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб имамы Қанат Қыдырминнің төрағалығымен өткен жиналыс барысында Астана қаласы өкілдігі бойынша оқу-ағарту, уағыз-насихат, қайырымдылық шаралары, теріс ағымдармен жұмыс, мешіт істері және баспасөз салалары бойынша жауапты қызметкерлердің жоспары тыңдалып, жұмыс міндеттері бекітілді. Бірқатар бағыттар бойынша атқарылатын шараларды барлық мешіттерде бірізділікпен өткізу жайы айтылып, нақты шешімдер қабылданды.
muslim.kz