Әрбір құлшылықтың өзінің тиісті әдептері болады. Айталық, намаздың әдептері, оразаның әдептері мен дәрет алудың, сөз сөйлеудің, мешітке кірудің әдептері бар екенін білеміз. Сол сияқты дұға жасаудың да өзіндік әдептері бар.
Дұғаның мағынасы
Дұға - Алланың ұлылығының алдында адамның қауһарсыздығы мен әлсіздігін көрсетіп мойындауы, махаббатпен және құрметпен Оның мейірімі мен жәрдемін, дүние мен ақыретте жақсылықтар мен нығметтер нәсіп етуін сұрауы.