Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:19
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

Алаш зиялыларының рухына Құран хатым бағышталды (фото)

27 қар 2024 472 рет оқылды
Алаш зиялыларының рухына Құран хатым бағышталды (фото)

«Aq meshit» мешітінің бас имамы Дәурен Мүслимовтің басшылығымен азат ел болу жолында ерен еңбек сіңіріп, жанкештілікпен өткен Алаш зиялыларының рухына Құран хатым дұғасы жасалды.

Сондай-ақ шараға «Aq meshit» мешітінің ұстазы Махмұт Қасым және құлшылық үйінің шәкірттер қауымы қатысты. Қасиетті Құран аяттары оқылып, жамағатпен дұға жасалды. Ел тәуелсіздігі бекем болып, келер ұрпақтың да бейбіт елде ғұмыр кешуін тіледі.

Дүниеден өткен марқұмдар үшін дұға жасап, оларға Алланың рақымы мен кешірімін тілеу артында қалған тірілерге міндет болып саналады. Ардақты Пайғамбарымыз (ﷺ) бұл мәселе жайында былай деген: «Өлген кісілеріңізді жақсылықпен еске алыңдар» (Тирмизи, Жәнаиз 34).

дереккөз: muslim.kz