Дүйсенбі, 15 маусым 2026 ж. 29 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Екінті 17:56
Ақшам 20:36
Құптан 22:23
Жаңалықтар

Алматыда VIII республикалық Құран жарысы өтеді

20 ақп 2019 1 945 рет оқылды
Алматыда VIII республикалық Құран жарысы өтеді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 26-28 сәуір күндері Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша VIII республикалық Құран жарысы өтеді.   Сайыс Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа оқу және мәнерлеп оқу секілді 4 номинация бойынша ұйымдастырылады.

Құран жарысына қатысушыларға қойылатын талаптар:

-    Құранды жатқа айтуына, тәжуидімен көркем оқуына баса мән беріледі; -    үміткер өз облысында өткізілетін алдын ала іріктеу сайысында 1 орын алған жағдайда ғана жарысқа жолдама алады; -    толық Құранды жатқа оқу номинациясы бойынша қатысатын үміткер республикалық, халықаралық жарыстарда жүлделі орын алмаған болуы керек; -    үміткер ҚР ер азаматы болуы керек; -    үміткердің 30 жастан аспаған болуы; -    үміткер жарысқа тек бір номинация бойынша ғана қатыса алады. 

Қажетті құжаттар: «Үміткердің анкетасы», «Жеке куәлік көшірмесі», «Іріктеу сайысының сертификат көшірмесі» мен «Өкіл имамның ұсыныс хаты».

Жоғарыда аталған құжаттар үміткерден 2019 жылдың 19 сәуіріне дейін respquranjaris@mail.ru электронды поштасы бойынша қабылданады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге автокөлік пен қаржылай сыйлықтар табысталып, арнайы сертификаттар беріледі.    

Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадисінде "Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп әрі оны үйреткендерің» деп айтылғанындай, баршаңызды қайырлы іске атсалысып, Алланың разылығын алуға шақырамыз.

azan.kz