Бейсенбі, 30 шілде 2026 ж. 16 сафар 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Күн 04:31
Бесін 12:26
Екінті 17:44
Ақшам 20:10
Құптан 22:12
Жаңалықтар

Алғашқы қоңырауға бірінші сынып оқушылары ғана қатыса алады

11 там 2021 1 514 рет оқылды
Алғашқы қоңырауға бірінші сынып оқушылары ғана қатыса алады

1 қыркүйекте алғашқы қоңырау тек бірінші сынып оқушылары үшін өтеді. Бұл туралы Қазақстан білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Биыл мектептерде алғашқы қоңырау санитарлық нормаларды сақтай отырып, тек бірінші сынып оқушыларына өтеді. Балаларға "Әліппе" және "Букварь" сияқты алғашқы кітаптары табысталады. 2-11 сынып оқушыларына сынып сағаттары ұйымдастырылады", - деді БҒМ басшысы Үкімет отырысында.

Бұған дейін премьер-министр Асқар Мамин Қазақстан мектептері, колледждері мен жоғары оқу орындары 1 қыркүйектен бастап дәстүрлі оқыту форматына оралатынын мәлімдеген болатын.

Tengrinews.kz

#Білім күні #мектеп #онлайн #оқушы #сабақ #қыркүйек