Сәрсенбі, 29 шілде 2026 ж. 15 сафар 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Күн 04:30
Бесін 12:26
Екінті 17:45
Ақшам 20:11
Құптан 22:13
Мешіт тынысы

Аналар мектебінің мүшелері марапатталды

22 сәу 2023 985 рет оқылды
Аналар мектебінің мүшелері марапатталды

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде бас имам Руслан Байзақов Аналар мектебін айтпен құттықтады.

Мешіт жанындағы Аналар мектебінің белсенді мүшелері Рамазан айында түрлі қайырымдылық шаралары мен рухани істерге ұйтқы болды.

Сонымен бірге, шәкірт қыз-келіншектерге үлгі болып, мешіт ұстаздарының бастауында Аналар мектебінде ай бойы 60 рет хатым жасалды.

Бас имам белсенді аналарды ораза айт мерекесімен құттықтап, қасиетті айдағы еселі еңбектері үшін арнайы алғыс хат пен  айттық табыстады.