Жексенбі, 14 маусым 2026 ж. 28 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:20
Ақшам 20:36
Құптан 22:23
Жаңалықтар

«Астана» медресесінде шәкіттердің 13-ші легі диплом алды

24 мау 2022 874 рет оқылды
«Астана» медресесінде шәкіттердің 13-ші легі диплом алды

Елордадағы «Астана» медресе-колледжінде 2021-2022 оқу жылы қорытындыланып, білім ордасының 13-ші лек түлектері диплом алды.

Салтанатты рәсімге ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы арнайы қатысып, бітіруші түлектерге жылы лебізін арнады.

Биыл «Астана» медресесін 21 шәкірт тәмәмдаса, солардың 6-уы қызыл дипломға бітіріп отыр. Сондай-ақ Түркия Республикасының Хасеки академияиясына грантпен оқуға жолдама алған Бегумгужин Ермахан мен Әбділ Талғатқа, IV Республикалық медресеаралық олимпиадада фиқһ пәнінен ерекше көзге түсіп жеңімпаз атанған  Толтай Айдосқа да сертификат табыстады.