Сейсенбі, 28 шілде 2026 ж. 14 сафар 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 02:27
Күн 04:28
Бесін 12:26
Ақшам 20:13
Құптан 22:14
Жаңалықтар

Атырауда мешіт қызметкеріне қажылыққа жолдама берілді

19 қаз 2022 916 рет оқылды
Атырауда мешіт қызметкеріне қажылыққа жолдама берілді

Мәуліт айына орай орталық «Иманғали» мешітінің бастамасымен Атырау қаласында өткен рухани кеште мешіт қызметкеріне ерекше сый берілді.

Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы «Иманғали» орталық мешітінде қызмет етіп келе жатқан Амантай Саудабаевқа ұмра қажылығына жолдама берді. Қажылық сапар ҚМДБ «Tawaf travel» компаниясы арқылы ұйымдастырылады.

Айта кетейік, Атырауда «Өнер қырандары» театрының қатысуымен мерекелік кеш өтті. Кешке Атырау облысының бас имамы, ақсақалдар, зиялы қауым өкілдері, имамдар мен қала тұрғындары қатысты. Қарилар Мәуліт жырын оқып, театр артистері өмірден алынған өнегелі қойылымдарын көпшілікке ұсынды.