Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:19
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

Ауызашарда жаңа кітап таныстырылды

19 нау 2024 794 рет оқылды
Ауызашарда жаңа кітап таныстырылды

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде дәстүрлі ауызашар дастарханына жиналған жамағатқа жаңа кітап таныстырылды.

Бұл шараның мақсаты ішіп-жеп, қарын тойдырып кету емес, келесі бір пайдалы тұсы азаматтарға діни құндылықтарды дұрыс қайнардан үйренуге мүмкіндік жасау. Яғни, бұл әрі сауапты дастархан болумен қатар, рухани білім алу мүмкіндігі.

Бас имам Руслан Байзақов жамағатпен бірге ауыз ашып, Рамазан құндылығы жайында уағыз айтты. Сонымен бірге, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан жарық көрген «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабын көпшілікке таныстырып, қазақ даласындағы дәстүрлі Ислам құндылықтарының мән-маңызы жайлы тоқталды.

Естеріңізге сала кетейік, Ғылмани мешіті ай бойы күніге 250 адамға ауызашар дастарханын жаюды жоспарлап отыр.