Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:19
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

Ақжайық имамдары аттестаттаудан өтті

14 қар 2022 925 рет оқылды
Ақжайық имамдары аттестаттаудан өтті

Батыс Қазақстан облысының 85 имамы аттестаттаудан өтіп, оның 5-уі жаңа діни қызметке ұсынылды.

Алдымен ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы бастаған комиссия құрамы Ақжайық өңірінің дін қызметкерлерімен кездесіп, аттестаттау жұмысына сәттілік тіледі.

Аттестаттау тест және ауызша сұрақ-жауап бөлімдерінен тұрады. Тест бөлімінде: ақида, фиқһ, ислам тарихы және Қазақстан Республикасының заңнамасы бағыттары болса, ауызша сұрақ-жауап бөлімінде қирағат, тәжуид, хадис, дін мен дәстүр, ҚМДБ-ның тұжырымдамалық құжаттары бағыттары бойынша сауалдар қойылды.

Имам-молдаларды наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы, Бас мүфтидің кеңесшісі Кенжетай Дүйсенбай, Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков пен Дін істері және талдау бөлімінің маманы Махамбет Искандеров аттестаттаудан өткізді.

Наиб мүфти аталған шараның маңыздылығы жайында «Ақжайық» пен «ТДК-42» телеарнасының тілшілеріне сұхбат берді. Аттестаттау жұмысы екі күнге созылды.