Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:19
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

Ақмола имамдарының алғашқы жиыны өтті

28 қаң 2025 853 рет оқылды
Ақмола имамдарының алғашқы жиыны өтті

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен биылғы жыл діни қызмет аясында «Ислам және отбасы құндылығы жылы» болып жарияланды. Осыған орай Ақмола облысы имамдарының мәжілісі өтіп, онда жаңа бастамаға қолдау білдірілді.

Шарада жуырда жарияланған ҚМДБ Төрағасының Бағдарлық баяндамасы талқыланып, бас имам Қуаныш Сәбит ұлттық және діни құндылықтарды ұштастыра дамыту аса маңызды екенін атап көрсетті.

Сондай-ақ діни насихат жұмысында үздік атанған имамдарға Бас мүфтидің алғыс хаты табыс етілді.