Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:19
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

Бас имамдар жылдық есеп беруде (фото)

26 жел 2024 495 рет оқылды
Бас имамдар жылдық есеп беруде (фото)

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен өтіп жатқан Төралқа мәжілісінде облыс бас имамдары 2024 жылдың қорытынды есебін баяндауда.

 

Төралқа жиынында Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың бас имамдары өңірдегі биыл әртүрлі бағытта атқарылған жұмыстардың қорытынды есебін жеке-жеке баяндап, слайд түрінде ұсынды.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы дін қызметкерлерінің жыл бойына атқарған жұмысына оң баға беріп, сәттілік тіледі. Сондай-ақ жетілдіруі қажет тұстарын екшелеп, кемшін түсіп жатқан бағыттар бойынша әлі де жұмыс істеу керектігін ескертті.