Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:19
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

Бас имам «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

5 қар 2022 989 рет оқылды
Бас имам «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 14 қазандағы бұйрығымен Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Әбдірахманов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Медалді Шымкент қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Қожа Ахмет Яссауи һәм ихсан ілімі» тақырыбында өткен  халықаралық ғылыми-танымдық конференция барысында қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан табыстап, игі ниетін жеткізді.