Жұма, 19 маусым 2026 ж. 4 мұхаррам 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:21
Ақшам 20:38
Құптан 22:24
Жаңалықтар

Бас мүфти Ақмола облысының әкімімен кездесті

14 қаз 2023 764 рет оқылды
Бас мүфти Ақмола облысының әкімімен кездесті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ақмола облысына барған сапарында өңір басшысы Марат Мұратұлымен кездесті.

Бас мүфти Көкшетау қаласында өткен аймақтық ақсақалдар форумында талқыланған мәселелерге тоқталып, жастарды деструктивті діни ағымдардың теріс идеологиясынан сақтандырудың, дін мен дәстүр сабақтастығын насихаттаудың маңызын айрықша атап өтті. Сонымен қатар қоғамда ұлттық құндылықтарымызды дәріптеудің қажеттілігін тілге тиек етті. Басқосу барысында аймақтағы діни ахуал талқыланып, өңір мешіттеріне діни салада тәжірибесі мол білікті дін қызметкерлерін жұмысқа орналастыру жайы да сөз болды. Кездесу соңында тараптар ортақ мақсаттар жолында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға келісті.

Айта кетсек, Ақмола облысы бойынша 90 мешіт бар. Онда 180 дін қызметкері жұмыс істейді.