Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:19
Екінті 17:55
Құптан 22:22
Жаңалықтар

Бас мүфти Ақтөбедегі түзеу мекемесінде кездесу өткізді

6 қаз 2023 831 рет оқылды
Бас мүфти Ақтөбедегі түзеу мекемесінде кездесу өткізді

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облысына сапары барысында қаладағы №8 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтармен кездесті.

Бас мүфтимен кездесуге діни экстремизм және терроризм бабы бойынша сотты болған жазасын өтеушілер қатысты. ҚМДБ Төрағасы түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілерге ұлттық құндылықтарға құрмет көрсету, Құран аяттарын дұрыс түсіну, бір мәзһаб ұстанудың маңызы, сондай-ақ ертеңгі күнге үмітпен қарау жайлы насихат айтты.

«Хәкім Абайдың «Адасқанның алды жөн, арты соқпақ» деген сөзі бар. Халқымыз «Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң» дейді. Қателесу, адасу – адамның табиғатына тән құбылыс. Алайда қателігін түсінген, ісінен сабақ алған адам ешқашан үмітсіздікке салынбау керек» деді Наурызбай қажы Тағанұлы. Басқосу соңында түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтар Бас мүфтиге көкейіндегі сұрақтарын қойып, жауап алды.

Айта кетейік, Діни басқарманың негізгі жұмыс бағытының бірі – деструктивті діни ағым арбауында кеткен азаматтарды жат ағым идеологиясынан оңалту.

#Наурызбай қажы Тағанұлы