Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:19
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

Бас мүфти елшілік қызметкерлерін қабылдады

7 жел 2022 1 074 рет оқылды
Бас мүфти елшілік қызметкерлерін қабылдады

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Америка Құрама Штаттары елшілігінің бірқатар қызметкерлерін өз өтініштері бойынша қабылдады.


Кездесуде Бас мүфти: «Ислам діні өзге сенім өкілдерімен татулықта өмір сүруді үгіттейді. Зайырлы мемлекетіміз де әрдайым түрлі конфессиялардың жақсы қарым-қатынаста болуын басты назарда ұстайды. Қоғамға қажетті игі іс-шараларда барлық дін өкілдері бас қосып, ортақ іске белсене қатысып келеді. Бұған биыл жетінші рет өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің де үлесі зор деп білеміз» деп атап өтті.

ҚМДБ Төрағасы Ислам бейбітшілік пен бірліктің діні екенін, бүгінгі таңда жер бетіне бейбітшілік құндылықтарын орнатудың маңызын айрықша атап өтті.

АҚШ елшілігінің өкілі Дэвид Аллен Наурызбай қажы Тағанұлына уақыт бөліп, арнайы қабылдағаны үшін алғысын білдірді.