Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:19
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

Бас мүфти жамағатқа ауызашар берді

9 сәу 2022 1 182 рет оқылды
Бас мүфти жамағатқа ауызашар берді

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордалық жамағатқа ауызашар берді.

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде өткен ауызашар дастарханына құлшылық ордасының жамағаты мен мұқтаж отбасылар, діни қызметкерлер, ұстаздар мен студенттер қауымы қатысты.

Сауапты шара аясында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жамағатқа ізгі тілегін білдіріп, қасиетті Рамазан айымен құттықтады. Ұлық айдың қадір-қасиетін айтып, жамағатты жақсылыққа үндеді. Барша мұсылман қауымының тұтқан оразасы, жасаған ізгі амалдары қабыл болуын сұрап, жамағатпен бірге дұға жасады.