Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Екінті 17:55
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

Бас мүфти жаңа оқу ғимаратының құрылысымен танысты

8 сәу 2026 233 рет оқылды
Бас мүфти жаңа оқу ғимаратының құрылысымен танысты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің игілігі үшін салынып жатқан оқу ғимаратының құрылысымен танысты. Құрылыс барысын университеттің проректоры Ершат Ағыбайұлы Оңғар таныстырды.

Құрылысқа жауапты мамандардың мәліметінше, қазіргі таңда 9 қабаттан тұратын нысанның монолиттік жұмыстары толық аяқталған. Сонымен қатар, оқу аудиторияларын бөлу және сыртқы сылақ жұмыстары жүргізіліп, терезелерді орнату жұмыстары 70 пайызға орындалған.

Алдағы уақытта құрылысшылар үш блок бойынша вентиляциялық жүйелерді аяқтауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ ғимаратты жылыту жүйесімен қамтамасыз ету жұмыстары басталған.

Жалпы аумағы 30 000 шаршы метрді құрайтын оқу ғимаратының құрлысына ат салысып жатқан барша азаматтарға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы батасын беріп жұмыстарына сәттілік тіледі.