Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Екінті 17:55
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

Бас мүфти Рамазанның алғашқы он күніндегі жұмыстардың есебін тыңдады

7 нау 2026 1 891 рет оқылды
Бас мүфти Рамазанның алғашқы он күніндегі жұмыстардың есебін тыңдады

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісі өтіп, қасиетті Рамазан айының алғашқы он күніндегі атқарылған жұмыстардың қорытындысы тыңдалды.


«Қасиетті Рамазан айының алғашқы он күндігі де артта қалды. Бұл кезең – мейірім мен рақымның күндері. Енді Рамазанның екінші он күндігіне қадам бастық. Бұл күндерде халыққа тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу, мешіттердегі рухани шараларды мазмұнды ұйымдастыру – біздің басты міндеттеріміздің бірі» деп атап өтті Бас мүфти.

Жиналыс барысында бөлім меңгерушілері Рамазан айында атқарылған іс-шаралардың есептік баяндамасын жасады.