Жұма, 19 маусым 2026 ж. 4 мұхаррам 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:21
Ақшам 20:38
Құптан 22:24
Жаңалықтар

Бас мүфти ресми іссапармен Сауд Арабиясына келді

10 қар 2025 354 рет оқылды
Бас мүфти ресми іссапармен Сауд Арабиясына келді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ресми іссапармен Сауд Арабиясы Корольдігіне келді.


Сапардың басты мақсаты – 2026 жылғы қажылық маусымына дайындық жұмыстарын пысықтау және екі ел арасындағы ынтымақтастық байланыстарды одан әрі дамыту.

ҚМДБ Төрағасы ресми сапарын 5-інші Қажылық істері конференциясы мен көрмесінің ашылу рәсіміне қатысудан бастады.

Бас мүфти бастаған делегация құрамында ҚМДБ Қажылық миссия мүшелері бар.

Іссапар аясында Сауд Арабиясының Қажылық және ұмра министрлігі, Мекке мен Мәдина қалаларындағы тиісті мекемелермен бірқатар ресми кездесулер өткізу жоспарланған. Кездесулерде қазақстандық қажылардың қауіпсіздігі, орналастыру, көлік және медициналық қызмет көрсету мәселелері талқыланып, ынтымақтастық туралы келісімдер жасалмақ.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бұл сапардың басты мақсаты – Қазақстандық қажылардың жағдайын жақсарту және қажылық қызметін ұйымдастыру ісін жаңа деңгейге көтеру екенін атап өтті.