Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:19
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

Бас мүфти Қазақстан халқы ассамблеясының медалімен марапатталды

24 сәу 2025 609 рет оқылды
Бас мүфти Қазақстан халқы ассамблеясының медалімен марапатталды

Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.


Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Ассамблеяның 30 жылдық мерейтойы аясында этносаралық татулық пен бірлікті сақтау жолында еңбек еткен тұлғалар марапатталды.

Атап айтқанда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы да елдегі рухани келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін арнайы марапатты иеленді.

Кеңесте Ассамблеяның 30 жыл ішінде атқарған жұмыстары қорытындыланып, этномәдени бірлестіктердің, ҚХА Ақсақалдар және Аналар кеңестерінің, қайырымдылық және жастар ұйымдарының жұмысын дамыту мәселелері талқыланды.