Жексенбі, 14 маусым 2026 ж. 28 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:20
Екінті 17:56
Құптан 22:23
Жаңалықтар

Бас мүфти Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды

13 мау 2025 555 рет оқылды
Бас мүфти Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды.


Сапар аясында ҚМДБ Төрағасы Қостанай облысына қарасты Алтынсарино ауылында орналасатын жаңа «Қарилар оқу орталығының» іргетасын қалау рәсіміне қатысып, арнайы дұға жасап, бата берді.

Аталған оқу орны — өңірдегі қариларды даярлауға бағытталған алғашқы діни білім беру орталығы болмақ. Бұл орталық аймақтағы діни-ағарту жұмыстарына серпін беріп, дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттау жолында маңызды қызмет атқарады. Сонымен қатар, болашақ қарилар мен діни сауатты кадрларды дайындау ісіне сүбелі үлес қосады деп күтілуде.