Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Екінті 17:55
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

Бас мүфти «Әз-Заһир Бейбарыс» мешітіне зиярат жасады

19 қаз 2023 1 299 рет оқылды
Бас мүфти «Әз-Заһир Бейбарыс» мешітіне зиярат жасады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Мысыр Араб Республикасына сапары барысында Каирдегі «Әз-Заһир Бейбарыс» мешітіне арнайы зиярат жасады.

Бас мүфти тарихи мешітте құран аяттарын оқып, Мысыр жерін билеген әйгілі бабамыз Бейбарыс Сұлтанның рухына дұға бағыштады. Жаратқаннан елдің амандығы мен әлемнің бейбітшілігін, тыныштығын тіледі.

Айта кетейік, Каирдегі «Әз-Заһир Бейбарыс» тарихи мешіті биыл толықтай қайта жөндеуден өтіп, маусым айында пайдалануға берілген болатын.