Жексенбі, 13 қыркүйек 2026 ж. 2 рабиғул ахир 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 04:11
Күн 05:41
Бесін 12:15
Ақшам 18:39
Құптан 20:08
Жаңалықтар

Діни басқарманың өкілдері сау адамға чип енгізуге түбегейлі қарсы

2 шiл 2021 1 425 рет оқылды
Діни басқарманың өкілдері сау адамға чип енгізуге түбегейлі қарсы

Ресей Федерациясының Мұсылмандар діни басқармасының өкілдері сау адамға чип енгізуге түбегейлі қарсы. Бұл жайында islam.kz порталы islamnews.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

РФ МДБ төрағасының орынбасары, Мәскеу мүфтилерінің бірі Рушан Әбиясов «Жаңалықтар» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында талма немесе Паркинсон секілді дерті жоқ жандарға чип орнатуға қарсы екенін айта келе мұндай процедураның науқасқа көмегін тигізсе ғана қолдауға болатынын жеткізді. Өзге жағдайларда, соның ішінде адамды «мінсіз» ету мақсатында мұндай процедураның жүзеге асырылуына қарсы.

islam.kz

#діни басқарма #чип