Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:19
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

Елордада ІІ Республикалық уағызшылар форумы өтті (фото)

25 ақп 2025 792 рет оқылды
Елордада ІІ Республикалық уағызшылар форумы өтті (фото)

Бүгін Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Қоғамда ізгілікті насихаттаудың мәдениеті» ІІ Республикалық уағызшылар форумы өтті.


Форум жұмысына ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, сондай-ақ онлайн және офлайн форматта 700-ден астам уағызшы-имамдар, Діни басқармаға қарасты Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшелері қатысты.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Тынымбайұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Құрылтайда көтерген адамгершілік және жауапкершілік, әділдік және адалдық, бірлік пен ынтымақ сынды құндылықтарды қоғамда кеңінен дәріптеудің маңызына айрықша тоқталды. Сонымен қатар Президент атап өткен әлеуметтік кеселдермен күресудің өзектілігін тілге тиек етті.

Іс-шарада баяндама жасаған ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы уағызшылардың қоғам алдындағы жауапкершілігі, жамағатқа даналық жолмен насихат айтудың маңызы жайлы сөз қозғады. Форум жұмысында «Үгіт-насихат айтудың тәртіптік ережесі» құжаты қабылданды.