Сенбі, 17 қазан 2026 ж. 6 жұмадөл әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Күн 06:36
Бесін 12:05
Екінті 15:32
Ақшам 17:23
Құптан 18:49
Жаңалықтар

«Ел үлесі - пәтерге» жобасы аясында 909 отбасыға баспана кілті табысталды

2 мам 2026 159 рет оқылды
«Ел үлесі - пәтерге» жобасы аясында 909 отбасыға баспана кілті табысталды
Бүгін Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған «Әз-Наурыз – ырыс пен бірлік мерекесі» атты мәдени шара барысында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қорының «Ел үлесі - пәтерге» жобасы аясында  9 перзент тәрбиелеп отырған отбасыға 909-шы баспана кілтін табыстады.
Сондай-ақ «Өмірге үміт сыйла» жобасы аясында ауыр дертке шалдыққан бала Сағадат Бағдатұлының еміне 1 000 000 теңге көлеміндегі қайырымдылық сертификаты тарту етілді. Бұдан бөлек, республика бойынша 125 оңалту орталығы заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, 10 орталықтың емдік дене шынықтыру (ЛФК) кабинеттері толық жаңартылды. Жоба аясында 11-ші оңалту орталығына медициналық құрал-жабдық сертификаты табысталды.

Шара соңында ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев 909-шы баспана иелеріне жаңа үйді таныстырып, қоныс тойларымен құттықтады.