Жұма, 19 маусым 2026 ж. 4 мұхаррам 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:21
Ақшам 20:38
Құптан 22:24
Жаңалықтар

Жамағатқа «Qamqor-Sharapat» орталығының жұмысы түсіндірілді

18 қар 2022 823 рет оқылды
Жамағатқа «Qamqor-Sharapat» орталығының жұмысы түсіндірілді

Бүгін жұма намазына жиналған мешіт жамағатына намаздан кейін «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының жұмысы түсіндірілді. Мешіттің бас имамы Руслан Нақыпбекұлы ҚМДБ бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тікелей бастамасымен ашылған салттық қызмет көрсету жұмысы туралы айтып өтіп, жаназа және жерлеу рәсіміндерінде бірізділікті қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.

Сондай-ақ, «Qamqor-Sharapat» –  жерлеу рәсімдерінде ысырапшылдық пен бәсекелестікке жол бермеу және жалпыға ортақ мәдениет қалыптастыру мақсатында қолға алынған жоба екендігі айтылды. Қабір басындағы бәсеке ретінде мазар салып жарысуды тоқтатып, ысырапқа жол бермеу үшін зиратты бірізділікке келтіру, жерлеу рәсімдері шариғат нормаларына және ата-баба дәстүріне сай болуын атап өтті.

sunna.kz