Сейсенбі, 28 шілде 2026 ж. 14 сафар 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 02:27
Күн 04:28
Бесін 12:26
Ақшам 20:13
Құптан 22:14
Жаңалықтар

Жаңа мешітке автобус қатынады

27 там 2022 1 160 рет оқылды
Жаңа мешітке автобус қатынады

Елорда тұрғындары үшін жағымды жаңалық! №43 автобус бағытын өзгертіп, Мәңгілік Ел даңғылындағы жаңа мешітке дейін қатынайды.

Бұл туралы қаланың қоғамдық көліктері қызметіне жауап беретін «City Transportation Systems» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

«27 тамыздан бастап көліктік қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында №43 бағдардың қозғалыс сызбасына өзгерістер енгізілетінін хабарлаймыз. Енді бағдар Мәңгілік Ел даңғылындағы жаңа мешітке дейін жүретін болады. Өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар» делінген баспасөз хабарламасында.