Жұма, 19 маусым 2026 ж. 4 мұхаррам 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:21
Ақшам 20:38
Құптан 22:24
Жаңалықтар

Жетісуда Бабалар рухына 100 Құран хатым дұғасы бағышталды

3 қаз 2025 606 рет оқылды
Жетісуда Бабалар рухына 100 Құран хатым дұғасы бағышталды

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Талдықорған қаласындағы орталық «Иман» мешітінде өткен рухани шарада Жетісу жерінен шыққан бабалар рухына арнап, 100 Құран хатым дұғасын жасады.


Дәстүрлі түрде жалғасып келе жатқан игі шараға зиялы қауым өкілдері, республикалық Құран байқауының әділқазылары, қарилар мен қала тұрғындары қатысты.

Жиында Бас мүфти: «Алла Тағала ата-бабаларымыздың рухын шат еткей. Осы өңірден шыққан хазіреттер мен ғұламалардың мәңгілік мекені жәннаттың төрі болғай. Еліміздің тәуелсіздігі жолында жанын пида еткен барша ата-бабаларымыз бен батырларымызды Алла мейіріміне алғай», – деп дұға етті.