Имамдарға ҚМДБ құжаттары таныстырылды (фото)
«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің дін мамандарына ҚМДБ бекіткен құжаттарды таныстырылды.Құжаттардың маңызын түсіндіріп, әр қайсысына жеке-жеке тоқталып, мазмұнын ашып өтті. Шара имамдарға таныстырылған құжаттар төмендегідей. І Республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттар:
- Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы
- Имамның тұлғалық келбеті
- Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қызметкерінің этикасы
- Мұсылманның тұлғалық бейнесі
ІІІ Республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттар:
- «Жеті рухани қазық» қазақстан мұсылмандары рухани тұғырнамасы
- Дін қызметкерлері атқаратын діни рәсімдер тізілімі
- Діни лауазымдар тізілімі «Ислам – мәдениет пен ізгіліктің бастауы» атты имамдардың IV республикалық онлайн форумында қабылданған құжаттар:
- Ас беру мәдениеті
- Зират және зиярат мәдениеті
- «Зияткер имам» тұжырымдамасы V республикалық онлайн форумында қабылданған құжаттар: «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының рухани (діни және ұлттық) құндылықтарды насихаттаудағы рөлі», Қажының рухани келбеті тұғырнамасы «Имамның жамағат намазын өткізу тәртібі» «Қарилардың рухани келбеті».

sunna.kz