Жексенбі, 14 маусым 2026 ж. 28 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Екінті 17:56
Ақшам 20:36
Құптан 22:23
Жаңалықтар

Кеңесбек Асанұлы мен Бибігүл Төлегенқызын еске алуға арналған Құран жарысы өтті

16 там 2021 1 175 рет оқылды
Кеңесбек Асанұлы мен Бибігүл Төлегенқызын еске алуға арналған Құран жарысы өтті

Түркістан облысы Жетісай ауданында Кеңесбек Асанұлы мен Бибігүл Төлегенқызын еске алуға арналған Құран жарысы өтті.

Оған аудан бойынша 53 мешіттен 6-14 жас аралығындағы 65 шәкірт қатысты. Жүлде қоры 700 мың теңгені құрады.

Үміткерлер Құран Кәрімнің 1 парасы мен жарты парасын, 10 сүрені жатқа оқудан сайысқа түсті. Әр номинация бойынша төрт орын белгіленді. Жеңімпаздарға сыйақы, жалпы қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары берілді.

Түркістан облысында имамдардың ұйымдастыруымен Құран жарысын өткізетін кәсіпкерлер көбейіп келеді. Облыс бас имамы Еркебұлан Қарақұлов мұндай жарыстардың маңыздылығын атап өтіп, демеушілерге Діни басқарма атынан ризашылығын білдірді. Айта кетейік, бұған дейін Сарыағаш ауданында жеке кәсіпкердің қолдауымен облыстық екі сайыс өткен еді.

yassi.kz

 
#Түркістан #Құран жарысы #қари