Жұма, 11 қыркүйек 2026 ж. 29 рабиғул әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 04:07
Күн 05:38
Бесін 12:16
Екінті 16:42
Ақшам 18:43
Жаңалықтар

Көрермендер сауалына Ғұламалар кеңесінің мүшелері жауап берді

8 сәу 2022 917 рет оқылды
Көрермендер сауалына Ғұламалар кеңесінің мүшелері жауап берді

ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшелері, ұстаз-ғалымдар тікелей эфирде көрермен сұрақтарына жауап берді.

«Рамазан – Құран айы» атты сұрақ-жауап форматындағы онлайн бағдарламаға ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы, Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков пен Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров қатысты.

Діни басқарманың 

 және Instagram желісіндегі @muftiyatkz парақшасында өткен тікелей эфирде ғалым-ұстаздар Құран Кәрімді оқудың, жаттаудың артықшылығы, әсіресе, Рамазан айындағы хатым және оны оқудың өзіндік ережелері жайлы насихат айтып, сауалдарға жауап берді. Сондай-ақ көрермендер оразаға қатысты және өзге де діни сауалдарына тұшымды жауап алды.