Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Екінті 17:55
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

Мал бағасын шарықтатпауға шақырды

9 шiл 2022 827 рет оқылды
Мал бағасын шарықтатпауға шақырды

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы мал базарын аралап, шаруа қожалығы иелерін бағаны қолдан негізсіз шарықтатпауға шақырды.

«Әрине, еңбектің жемісін көруді қалаймыз. Алайда бұл қалау бағаны қолдан қымбаттатып, басты мақсат пайдаға кенелу болмауы керек. Аллаға жақындау ниетімен құрбан шалуға келген халықтың әлеуметтік жағдайын ескеріп, мал бағасына мүмкіндігінше жеңілдік жасауға шақырамын. Сонда сіздер де осындай игі амалдарыңызбен Аллаға жақындай түсесіздер» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Сондай-ақ Бас мүфти шаруалардың еңбегіне береке тілеп, дұға жасады.