Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:19
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Абай мен Шәкәрімнің рухына Құран бағыштады

28 сәу 2019 1 700 рет оқылды
Мемлекет басшысы Абай мен Шәкәрімнің рухына Құран бағыштады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жидебай ауылындағы Абайдың мұражай-үйіне және «Абай-Шәкәрім» мавзолей кешеніне барды, деп жазады Президенттің баспасөз хатшысы Б.Уәли өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Қазақстан Президенті қазақтың ұлы ойшылдары Абай мен Шәкәрімнің рухына тағзым ету үшін Жидебай жеріне арнайы келгенін атап өтіп, Абай мекен еткен Жидебай қыстауы – ел руханияты үшін айрықша маңызы бар қастерлі орындардың бірі екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлтымыздың біртауар перзенттері Абай мен Шәкәрімнің рухына арнап құрбандық шалып, Құран бағыштады.

kazislam.kz