Жұма, 19 маусым 2026 ж. 4 мұхаррам 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:21
Ақшам 20:38
Құптан 22:24
Жаңалықтар

Мешіт ауласы абаттандырылды

28 мау 2022 1 211 рет оқылды
Мешіт ауласы абаттандырылды

Дініміз қор¬шаған ортаны қорғауды, таза ұстауды талап етеді. Мешіт тек адамдар намазға жығылып, Құран оқытатын жер ғана емес, ол мұсылман бауырларымызға қай жағынан болсын өнеге болуға тиіс орын, әрі тазалық пен сұлулықтың нышаны.

Бүгін «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ауласы абаттандырылып, гүлзарға гүл көшеттері отырғызылды.

Гүл отырғызу айналамызды құлпыртып қана қоймай, дінімізде үлкен сауапқа кенелтетін игі істердің бірінен саналады. Себебі, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Қиямет басталып жатса-дағы қолыңдағы бір түп ағашты отырғызып қал» деп өсиет еткен. Осындай игі істердің көбеюіне атсалысқан Байқоңыр аудандық әкімшілігіне алғысымызды айтамыз.