Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Екінті 17:55
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

Жамағатқа жаңа кітаптардың таныстырылымы өтті (фото)

17 жел 2024 571 рет оқылды
Жамағатқа жаңа кітаптардың таныстырылымы өтті (фото)

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде жамағатқа жуырда жарық көрген «Мүфтият» баспасының өнімдері – «Ислам энциклопедиясы» және «Дін мен дәстүр 3» кітаптарының таныстырылымы өтті.

 

Мешітімізге арнайы келген Астана қаласының өкілі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов мешіт жамағатына аталған құнды кітаптарды таныстырып, кітап мазмұнымен кеңінен бөлісті.

Қос кітаптың құндылығы туралы ой бөлісіп, асыл дініміздегі әдептер энциклопедиясына тоқталып, дін мен дәстүр сабақтасытығынан сыр шертетін қазақы ғұрыптарға тоқталды.

Айта кетейік, оқырман қауымға жол тартқан кітаптарда дін мен қазақ халқының салт-дәстүрі, исламның қазақ даласына келу тарихы, халқымыздың әдет-ғұрпы, шариғат парыздары мен иман негіздері қамтылған.

sunna.kz