Жұма, 19 маусым 2026 ж. 4 мұхаррам 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:21
Ақшам 20:38
Құптан 22:24
Жаңалықтар

Мешіт жамағаты апталық дастарханда бас қосты

1 қаз 2022 900 рет оқылды
Мешіт жамағаты апталық дастарханда бас қосты

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде жамағатқа кезекті апталық дастархан жайылды.

Дін мен дәстүр сабақтастығын насихаттап, уағыз-насихат жұмыстарын жандандыру ақсатында мешітімізде атқарылып жатқан іс-шаралар легі жалғасуда. Соның бірі болған апталық дастархан аясында жамағатпен жақын сұхбаттасу.

Басқосуда мешіттің наиб имамы Рахматулла Оразұлы «Махаббатпен жаратқан адамзатты» тақырыбында жамағатқа салиқалы уағыз-насихат айтты. Насихат барысында наиб имам Алла Тағаланың пенделеріне деген аса сүйіспеншілігін, оның қасиетті Құрандағы көріністеріне кеңінен тоқталды.

Адам баласына пайғамбарлар жіберіп, кітаптар түсіруі де Алла Тағаланың ерекше сүйіспеншілігі екенін, пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  Құранды басшылыққа алып, адамның бақытты болып өмір сүруі үшін барлық қырларымен сырларын үйретуі – адамзатқа Алла Тағаланың аса сүйіспеншілігі  мен махаббаты екендігін атап өтті.

Жиылған жамағат сауапқа толы басқосуды ұмымдастырған мешіт ұжымына өз ризашылықтарын білдірді.

sunna.kz