Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:19
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

Мешіт кілемдеріне тазалық жұмыстары жасалды (фото)

17 сәу 2025 968 рет оқылды
Мешіт кілемдеріне тазалық жұмыстары жасалды (фото)

Тазалық асыл дініміз Исламдағы басты шарттардың бірі ретінде қарастырылған. Алла елшісі (с.ғ.с): «Дін – бұл тазалық», - деп өз үмметіне айтып кеткен.

Ислам мәдениетінде жай тазалық пен құлшылық мақсатындағы тазалық бір-бірін толықтырып тұрады.  Бүгін «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің кілімдерін жуу (химчистка) және тазалау жұмыстары жүргізілді. Мешіт жанашырларының және жамағаттың ұйымдастыруымен қолға алынған іс-шараға белгілі тазалық жасау компаниясы атсалысты.

Мешіт – Жаратушы Алланың үйі. Құлшылық һәм қоғамдық орын. Мешітте жамағатпен құлшылық жасау – аса сауапты іс. Мешіт – Жаратушы мен  сүйікті құлдарын тығыз байланыстыратын мекені. Жамағат – мешіттің әшекейі десек, сүйікті жамағатын асыға күтетін мешіт ұжымы Алла Елшісінің «Тазалық – иманның жартысы» деген өсиетін әрдайым ұстанады.

sunna.kz